Русский Сайттың толық нұсқасы

Бозшакөл кен байыту комбинатына 53 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты

Бозшакөл кен байыту комбинатына 53 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты. Олар кен орнының «Тәжірибиеден өту» бағдарламасы аясында 122 маманның ішінен іріктелініп алынған. Жастар кен орнында, фабрикада және әкімшілік басқару саласында жұмыс істейтін болады. Ал жас мамандарға тәжірибиеден өту кезінде жалақы төленеді. Олардың алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалынған. Жатын орын, 4 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.

Әсет Бостандықов – кен байыту комбинатына алғашқы болып тәжірибиеден өткен мамандардың бірі. 2019 жылы Алматыдағы политехникалық оқу орнын бітіре салысымен осында жұмысқа келген. Содан бері бұл саланың бірнеше сатысынан өтті. Қазір кәсіпорынның ұсақтау және ұнтақтау бөлімінде инженер технолог болып жұмыс істейді. Ал жас маманға бастапқыда замануи техникаларды меңгеріп кету қиындық тудырған. Себебі, оқу орынында Кеңес заманындағы технология бойынша оқыпты.

Әсет БОСТАНДЫҚОВ, БОЗШАКӨЛ КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-ТЕХНОЛОГЫ:

Техника жағынан бұл жерде көп ерекшеліктер бар. Мысалы, салыстырмалы түрде айтсақ, Совет одағы тұсындағы стандарт бойынша олар сағатына 30-40-50 100 тонна өндірсе, бізде мельница сағатына 3600 тонна өндіре алады. Және тура сондай өлшемде кенде жұмыс істеу үшін мысалға сол кезде фабриканы құрастыру өте үлкен аумақ алушы еді. 10-даған км созылушы еді. Қазір бізде 3-ақ діирмен. Тура сондай көлемде кен өндіріп жатыр.

Кәмила Асланова енді ғана металлургия саласында еңбек жолын бастап жатыр. Небәрі 20 жаста. Жақында ғана орта оқу орнын тәмамдаған. Кәсіпорынға «тәжірибиеден өту» бағдарламасы бойынша жұмысқа келгеніне 5 ай болыпты. Енді бір жарты жылдан кейін осында тұрақты жұмысқа қалдырады деген үміті бар.

Кәмила АСЛАНОВА, ЖАС МАМАН:

«Тәжірбиеден өту» бағдарламасы студенттер, жас мамандар үшін теңдесі мүмкіндік. Тәжірибие кезінде бізге жеке тәлімгер бекітеді. Ол әуелі теория жүзінде, кейін практикалық тұрғыдан осы саланың қыр-сырын үйретеді.

Кен орнында тәжірибиеден өтуге техникалық мамандықтан бөлек экономист, қаржыгерге бос орындар бар. Тәжірибиеден өту бағдарламасы 1 жылға есептелінген. Алайда, бір жылда өзін жақсы қырынан көрсете алмаған мамандарға тағы 1 жыл мүмкіндік береді.

Сұңғат ИБРАЕВ, БОЗШАКӨЛ КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ БОЙЫНША НҰСҚАУШЫСЫ:

Бастысы жастардың жұмысқа деген ынта жігері болса, жеткілікті. Олар біздің «KAZ MINERALS BOZSHAKOL» атты компанияның сайтында өз түйіндемелерін қалдыра алады. Біз оларды іріктеп, бірден оқу процессін бастаймыз. Осы арқылы жастар бұндағы жұмыспен танысады. Тәжірбиеден өтуші әрбір жас маманға бір-бір тәлімгер тағайындалады. Олармен бірге жұмыстың барлық сатысынан өтетін болады.

Кәсіпорынға жас мамандар көбіне Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарынан келеді. Оларға тек тәжірбиеден өтіп, тұрақты жұмыспен қатар осы салада мансабын жоғарлатуға да мүмкіндік берілген.