Русский Сайттың толық нұсқасы

Ыстанбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ-дың филиалдары жұмыс істейді

Бүгін мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Ол Президентке оқу ордасын дамытудың жаңа бағыттары мен перспективаларын таныстырды. Университетте әлемнің 54 елінен 2 мың 800 шетелдік азамат білім алуда. Жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр. 2022 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркияның жетекші университеттерімен 30-дан астам келісімшарт жасалған. Ыстанбұл және Бішкек қалаларында Қазақ ұлттық университетінің филиалдары жұмыс істейді.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық университетінде 27 мың студент оқиды. Дүниежүзілік «QS» рейтіңгіде алғашқы 250 елдің ішінде. Одан әрі қарай ғылым-білім саласын сапалы түрде дамытуды тапсырды.