Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының есептік-сайлау конференциясы өтті

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2016
  • 3394

Соңғы екі жылда Астана қалалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне 26 мыңнан астам азамат көмек сұрап келіпті. Олардың 38 пайызының мәселесі сол жерде шешілген. Қалған сұрақтар бірден құзырлы органдарға жолданып, партия тарапынан қадағалауға алынған. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен өткен 24-ші есептік - сайлау конференциясында мәлім болды. Конференция барысында жуырда Қазақстан Парламенті қабылдаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясына да ерекше көңіл бөлінген. «Қазір Қазақстан алдында дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті тұр», - деген Мұхтар Құл-Мұхаммед, партияның ЭКСПО кезінде атқарар жұмысын да айқындап берді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасымыз бүгінде бүкіл әлем таныған әсем Астанамызды салып, оны дүние жүзіне жарқырата көрсетті.  Астана бүкіл өңіріміз үшін дамудың даңғылына айналды. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалы Елбасымыздың бағдарламалары мен стратегиялық курсын орындауда облыстық партия ұйымдары үшін үлгі-өнеге болуға тиіс. Бұл әсіресе миллиондаған ЭКСПО қонақтарын қарсы алуда ерекше мәнге ие.

Астана қаласында жетекші партия мүшелерінің саны соңғы екі жылда  12 195 адамнан 45 500 адамға дейін артқан.  Бүгінде бас қаладағы филиал 350-ге жуық бастауыш партия ұйымының басын біріктіріп отыр. Сонымен бірге тарих сапында бір мезет қана болатын тәуелсіздіктің 25 жылдығында еліміз ғылым мен білім саласында көш ілгерлегені байқалады.

Шыңғысхан Қожахметов, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының жастар ісі төрағасы:

25 жылда азды - көпті жетістіктерге жетіп отырмыз. Әрине, онда «әттеген-ай» дейтін тұстары бар. Кей  шақта қол жетпеген тұстары бар. Бірақ, жалпы алғанда, ілгерлеу, даму бар, ең бастысы. Мынау көптеген салаларда ауыл шаруашылық, индустрия, нанотехнология бойынша өте жақсы дамып келе жатырмыз.

Осы сынды есептік-сайлау конференциялары бүгін Астана филиалдарынан өзге, Қызылорда қаласы мен Ақтөбеде де болып өтті. Онда да өңір филиалдарының атқарған жұмыстары талқыланып, алдағы жоспарлар пысықталды.