Русский Сайттың толық нұсқасы

Климаттағы өзгерістер Қазақстан экономикасына 4 млрд шығын келтірді

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2023
  • 664

Астанада БҰҰ аясында өткен өткен климаттың өзгеруі туралы конференцияда сарапшылар бұл құбылыстан Қазақстан қандай зиян шегіп жатқаны туралы пікірлерін білдірді.

«Климаттың өзгеруі, саяси және экономикалық тұрақсыздық, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі, шөлейттену, биоалуандықты сақтау, су ресурстарының сарқылуы сияқты мәселелер жаһандық сын-тегеурінге айналып келеді», - Экология вице-министрі Мансұр Ошурбаев.

Сондай-ақ, ол Қазақстандағы ылғалдың 40%-ы сырттан келетін трансшекаралық өзендерге тәуелді екенін еске салды.

«Экономикалық әріптестік және даму ұйымының (OECD – ред.) мәліметі бойынша, табиғат апаттарынан келетін шығын жылдық жалпы ішкі өнімнің 2%-ына тең. Климат өзгерісінің Қазақстан экономикасына әсері туралы айтсақ, халықаралық ұйымдар зерттеулерінің қорытындысы бойынша, бұл шама 4 млрд АҚШ долларына тең», - деді вице-министр.