Америкалық файтер Стивен Томпсон қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы кездесу алдында жекпе-жекке қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ MMAFightingonSBN Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Стивен Томпсон (17-6-1) мен Шавкат Рахмонов (17-0) 16 желтоқсанда UFC 296 турнирінде жұдырықтасады. Дәл қазір жартылай орта салмақ дәрежесінің рейтингінде Шавкат Рахмонов 5-орында, ал қарсыласы Стивен Томпсон 6-сатыда тұр.
"UFC маған жартылай орта салмақ рейтингінде менен жоғары тұрған Шавкатқа қарсы жекпе-жек ұсынған еді. Шавкат – біздің промоушендағы ең қауіпті спортшылардың бірі. Әлі жеңілмеген. Кездесулерінің барлығын мерзімінен бұрын аяқтаған. Өте мықты және қайсар жігіт. Әлі чемпиондық белбеуге таласа алатынымды өзіме дәлелдейтін уақыт келді деп ойлаймын", - деді Стивен Томпсон.
Айта кетейік, америкалық файтер Стивен Томпсон ММА-да 24 жекпе-жек өткізіп, 17 рет жеңіске жеткен. Ал Шавкат Рахмонов 17 кездесудің бәрінде жеңді.