Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2023
  • 681

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.

Сапар барысында екі ел басшысы келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.