Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында математика пәнінің мұғалімі оқушыны зорлады деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2023
  • 1199

Жетісу облысы Сарқанд ауданының полиция қызметкерлері Сарқанд қаласындағы мектептердің бірінде 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен қаланың 35 жастағы тұрғынын екінші күннен бері іздестіріп жатыр.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, күдікті 10 жыл бойы Сарқанд қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген және баланың әпкесінің күйеуі.

Қылмыс Сарқанд қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған. Шуға администратор жүгіріп келіп, бөлмелердің бірінен көмек сұрап айқайлағанын айтқан.

Ол баланы босатып, полиция шақырған, бірақ қылмыскер қашып үлгерген.

Қазір Сарқанд РОП жеке құрамы оны іздеуге жұмылдырылған. Таудағы Сарқанд қаласынан алыс емес жерде полицейлер оның көлігін тауып үлгерген. Іздеу жалғасуда,-деп хабарлайды Orda.kz.