Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазақстанның халықаралық қатынастарда іс-қимылы жан-жақты нығайып жатыр" - Геннадий Шиповских

Қазақстанның халықаралық қатынастарда іс-қимылы жан-жақты нығайып жатыр. Сенатор Геннади Шиповских осылай деп пікір білдірді. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясаттағы жетістігі деді. Расында қазір Астана барша әлем үшін дипломатиялық орталықтың алаңына айналды.

Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің астанаға келуі әлем жұртшылығының назарын елордаға аударды. Екі ел басшылары осы жолғы кездесуде де өнеркәсіп, көлік, инфрақұрылым, энергетика саласында келіссөз жүргізді. Экономиканы ілгерлетудің қадамдары жасалды. Бізбен байланысты бекемдеуге барлық ел ынталы.

Генадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жақында ғана елімізге Франция президенті Эмманюэль Макрон, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, сондай-ақ Орталық Азиядағы көршілес елдердің басшылары келсе, бүгін Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен келіп жатыр. Атап айтқанда, осының бәрі Қазақстанның халықаралық қатынастар бағытында іс-қимылы жан-жақты әрі әлемдік деңгейде нығайып жатқанын білдіріп отыр. Біріншіден, осы бойынша бізді ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ. Мұның бәрі біздің дипломатиялық жетістігіміз

Көршімізбен бірлесіп іске асырар 144 жоба бар. Жалпы құны 30 млрд доллардан асады. Егер барлық жоспар ойдағыдай аяқталса 30 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Мұхамед АНДАКОВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ӨНЕРКӘСІП КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда 30 жоба іске қосылды. Ол 3,3 млрд-қа және 40 жоба іске асырылып жатыр. Қалғандары іске асырылу үстінде. Бұл бағыттағы операцияның басты мақсаты біргелікте өнеркәсіпті дамыту. Біргелікте өнеркәсіпте қарым-қатынас жаса және жаңа инвестициялар.

Ресей ірі сауда серіктесіміздің бірі. Сондықтанда ардағы қарым-қатынастың ел экономикасына тигізер пайдасы орасан, - дейді сарапшылар.

Еркін ӘБІЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазіргі жағдай Қазақстан үшін көптеген мүмкіндіктер беріп жатыр. Бұрын біз мынау транспорттық жақтан, логистикалық жақтан тек қана біз ресейге тәуелді болсақ. Енді бүгін Ресей федерациясы да біз арқылы мысалы орталық азия мен қытаймен біз арқылы сауда жасап жатыр. Осы қазіргі жағдайды пайдалану керек.

Амангелді ТӘЖЕНОВ, САРАПШЫ:

Ең бірінші менің өзім ойымша географияға байланысты. Мынау ең ұзын құрлық шекара өзіміздің еліміздің арасында 7 жарым мыңдай км бар. Сосын біздің 7 облыс сол Ресеймен 12 аймақпен шекаралас. Сосын тағы бір айтатын жайт мынау өзіміздің арамызда орыстарда, қазақтарда бар. Ол шекараның бойында болғаннан кейін бәріміз барғой олардың бір ортақ мүдделерін қорғау керек. Олардың мәселелерін шешу керек.

Қазақстан мен Ресей басшыларының кездесуі шетелдік сарапшыларды да бей-жәй қалдырмады. Олар екі елдің ортақ байланыстары көп деп отыр.

Эдуард ПОЛЕТАЕВ, ШЕТЕЛДІК САРАПШЫ:

Кейінгі кезде Ресей дипломатиясы Орталық-Азияға бет бұра бастады. В. Путиннің сұхбатында Ресей-Орталық Азия форматындағы саммит туралы сұрақ қойылған. Оның жауабында бұл форматтың Ресей үшін маңызы, негізгі мазмұны қамтылған. Ресей мен Қазақстан екі бөлек мемлекет болғанымен ортақ мәселелері көп.

Елдегі 42 мың кәсіпорынның жартысына жуығы, яғни 19 мыңын ресейлік компания құрайды. Демек мұның өзі екі ел үшін ортақ мүдденің көп екенін байқатады. Сондықтанда тараптардың тығыз қарым-қатынасы ел болашағы үшін үлкен серпін бермек.