Бердібек Соқпақбаев пен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі. ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне жазушы мен әйгілі композитор, күйшінің100 жылдығын енгізу туралы Қазақстанның ұсынысы қолдау тапты. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында мәлім етті.
Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанның «Диуани лұғат ат-түрк» атты түркі тілдерінің тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын атап өту туралы бірлескен ұсынысы да қабылданды. Сөздікті Махмұд әл-Қашқари 1074 жылы жазған. ЮНЕСКО Бас конференциясының бұл шешімдері қазақ мәдениетінің дүниежүзінде дәріптелуіне септігін тигізері сөзсіз.