Русский Сайттың толық нұсқасы

Спортшы Шальнованың өлімі: екі ақтаулық полицей жұмыстан босатылды

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2023
  • 883

Маңғыстау полициясының жеке қауіпсіздік басқармасы лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша істі тергеді. Іс антикор қызметіне берілді, - деп хабарлайды Lada.kz. 

Басылым мәліметінше, екі полицей тәртіптік комиссияның шешімі бойынша атқаратын лауазымдарынан босатылды. Соталды тергеу 3 қазанда басталған. 

Іс Ақтаулық спортшы Валерия Шальнованың өлімі қатысты. Екі полицей лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген болатын. 

"Соталды тергеуден бөлек, қызметтік тексеріс жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің екі полицейі қызметінен босатылды", - дейді облыстық прокуратура өкілдері. 

Ведомство өкілдері екі полицейдің қызметінен кетуі олар жұмыстан босатылды деген сөз емес екенін атап өтті. Нақты шешім Антикор толық тексеріс жүргізгеннен кейін қабылданады.