Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркі мемлекеттері ұйымының студент спортшылары арасындағы ІІ Түркі универсиадасы мәреге жетті

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының студент спортшылары арасындағы ІІ Түркі универсиадасы мәреге жетті. Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Мажарстан мен Түркиядан келген 500-ден аса жас спортшы қатысты. Олар 5 күн бойы волейбол, шағын футбол, шахмат, үстел теннисі, дзюдо, грек-рим және еркін күрес түрлері бойынша бақ сынады. Түркі жастарының рухын көтеріп, ынтымағын нығайтатын сайыста достық жеңді,-дейді универсиада қатысушылары. Шараның басты мақсаты да бауырлас елдердің жастарының басын қосу. Олардың бірлігін бекемдеу, ортақ мәдениет пен тарихымызға қызығушылығын арттыру. Жиын соңында универиада туы Қырғызстаннан келген делегаттарға табысталды.

Исмаил ДЖУЛФА, УНИВЕРСИАДА ҚАТЫСУШЫСЫ /ТҮРКИЯ/:
Бізді шетелдік деп қабылдаған жоқ. Алыстан келген бауырымыз деп құшағына басты. Универсиада ойындары өте тамаша өтті. Мен грек-рим күресі бойынша жарыс жеңімпазы атандым. Біз барлық қатысушылар кілемде бір-бірімізге қарсылас болғанымен дос болып кеттік. Ерекше сезім, ұмытылмас әсер алдық.
Құлболды ИСАЕВ, БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /ҚЫРҒЫЗСТАН/:

Түркістанда өткен түбі бір түркі жұрты студент жастарының ойыны өте жоғары деңгейде өтті. Біз қазақ бауырларымыздың қонақжайлығына ризамыз. Енді 2 жылдан кейін 2025 жылы ІІІ Түркі универсиадасы біздің елде өтеді. Біз де бауырлас халықтардың достығын паш етуге барымызды саламыз.