Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда балалар үйіндегі өрттен зардап шеккендер ауруханадан шығарылды

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2016
  • 2981

Алматы облысындағы балалар үйіндегі өрттің салдарынан зардап шеккен 4 жасөспірімнің үшеуі ауруханадан шығарылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді. Қазір тағы бір науқас ауруханада ем жалғастырып жатыр. Мекеме тәрбиленушісі омыртқасына зақым келді деген диагнозбен жатқызылған. Қазір оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, дейді дәрігерлер.

Нұржан Исабеков, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі:

Осы ауруханаларға түскен науқастардың төртеуі де негізінен травма алғандар. Оларды күйік шалмаған. Қазір осы төрт баланың үшеуі үйлеріне шығарылды. Біреуінің динамикалық бақылауға алынып, алдағы күндері шығарылатын болады.

Бағанашыл елді мекенінде орналасқан балалар үйіндегі өрт осыдан бір апта бұрын тіркелген болатын. Түнгі уақытта лап берген өрт кезінде 160 тәлімгер мен 12 тәрбиеші тысқа шығарылған. Ал терезеден секірген жасөспірімідердің бірнешеуі жараланып, ауруханаға түсті. Өрт сөндірушілердің алдына ала дерегі бойынша, тілсіз жауға бөлмелердің бірінде қосылып қалған үтік немесе телевизор себеп болуы мүмкін.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ