«Ғажайып...Бортында 121 адам бар лайнер сәтті қонды. Ұшқыш сөзсіз, күннің батыры». Журналист французша осылай деп таңданып жатыр. «Еуроньюстің» әдетте ұстамды журналистері Астана әуежайына алдыңғы доңғалақсыз қонған ұшақтың видеосын көріп, эмоцияға ерік берді.
Бейнеқыстырма: давай, родной, садись! Он не может перед посадить! Все сел!!!
«Bek Air» компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағының Астана әуежайына қонарда шассиі неге ашылмай қалғанын арнайы құрылған комиссия тексереді. Және жақын арада «Bek Air» халықаралық авиациялық аудиттен өтеді. Азаматтық авиация комитеті төтенше жағдайдан соң ұшақ паркін шұғыл тексерді.
Көпбосын Тоқпақбаев, ҚР Инвестициялар және Даму министрлігі, Азаматтық авиация комитеті Ұшу, пайдалану басқармасының басшысы:
¤
Мұндай оқыс оқиға қайталанбауы үшін біз «Бек Эйрдің» ұшақ паркін толық тексеруден өткіздік. Ешқандай ақау табылған жоқ. Ұшақтар қауіпсіз.
¤
¤мәтмәАл бұл шассиі ашылмаған ұшақты тізгіндеген экипаж командирі, 48 жастағы - Дмитрий Родин. «Bek Air»-ге тиесілі лайнерді 2 жылдан бері басқарады. Жалпы 30 жылдық тәжірибесінде мұндай қауіпті жағдайға алғаш рет тап болған. Екінші ұшқыш 28 жастағы Вадим Смеречанский. Дінмұхамед Қонавтың жеке ұшқышы болған адамның немересі екен.
¤
Дмитрий Родин, экипаж командирі:¤
Үшінші айналым жасағаннан кейін, шассидің шықпағанына көз жеткен соң, мен аға борт қызметкерлерін шақырып, жағдайды түсіндірдім. Олар жолаушыларға ескертіп айтты. Әрине, үрейді алдын алу керек еді. Ал өзімді ерекше бір ерлік жасадым деп ойламаймын. Себебі бастысы - өз өмірімді сақтау, егер өз өмірімді сақтасам, жолаушыларда аман қалады деген ой тұрды.
¤
¤
2010 жылдан бері әлемде осындай 8 апат болған екен. Мұндайда ұшақтың қас-қағым сәтте отқа оранып, жарылуы бір демде...Жаратқанның және ұшқыштардың арқасында 121 адам тірі қалды. Өте күрделі жағдайда білікті қимылдаған экипаж мүшелерін мемлекеттік наградамен марапаттау ұсынылды. Ұсыныс тастаған адам - Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. Ойын «Фейсбуктегі» парақшасында жариялаған. Алайда «Қазақстандық блогерлер қауымдастығы» деген ұйымның президенті Ғалым Байтук деген ұшқыштарды пәтер иелері кооперативтерінің сантехниктерімен салыстырды ма, әйтеуір, кекесінге толы пікір жазды. Тәптіштеп баяндағым да келмейді. Бір сөзбен айтқанда, оның ойынша «ұшқыштар ешқандай ерлік көрсеткен жоқ». Сол рейсте Байтуктің өзі болса, басқаша сайрайтын бе еді?
Өткенде Дондағы Ростов қаласына Дубайдан ұшып келген ұшақтың қона алмай, ақыры апатқа ұшырап, 62 адамның ажал құшқаны еске түсті. Тергеушілер «апат ұшқыштардың қателігінен болған» деген қорытынды шығарған –ды.
Байқайсыз
ба, қалай әдептен озбай сипаттасам екен, ... «данышпандар» көбейіп кетті, бірақ
оларға «айта берсін» дегің келмейді...