Сауд
Арабиясы қар құрсауында қалды. Тіпті елдің солтүстік және орталық аудандарында
аяз қаһарына мінген деседі. Бұл жайында Аль-Арабия телеарнасы хабарлайды.
Шакра, Табук қалаларында сынап бағанасы 0-градустан төмендеген. Ал Эр-Рияд пен
Джидда қалаларында толассыз жауын құйған. Көктайғақ салдарынан көлікпен қатынау
мүмкін болмай отыр. Бұл ауа райы осы аптаның соңына дейін жалғасады, дейді
мамандар.
Әдетте
осы кезде елдегі орташа температура +20 градустан түспейтін. Жергілікті халық
ауа райының тосын мінезіне аң-таң. Сырғанап, қар атысып, мәре-сәре. Құқық
қорғау органдары мен құтқарушылар халықты сақтыққа шақырып жатыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА