Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2016
  • 2968

Әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің қызметі 2018 жылдың бірінші қаңтарына қалдырылды. Сондай-ақ, тегін берілетін дәрі-дәрмектер шалғай ауылдарға дұрыс жеткізіліп, халыққа қол жетімді болуы тиіс. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының аясындағы денсаулық сақтау жүйесіне қатысты өткен жиында депутат Зәуреш Аманжолова осылай деді.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Біздің өзіміздің министрліктің 400-ге жуық дәрі-дәрмектің тізімі бар тегін берілетін. Сол қайта қарастырылады. Себебі жаңа модульге өту кезінде осы мәселені қарастыру маңызды болып табылады.

Жиынға қатысқан депутаттар мен министрлік өкілдері денсаулық сақтау саласындағы негізгі үш мәселені талқылады. Атап айтқанда, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және биомедициналық кластерді дамыту. Өңірлерді қосқанда, 200 адамдай ат салысқан жиында дәрінің сапасын анықтау, оны халыққа қол жетімді ету, емханаларға тапсыру секілді мәселелер қозғалды. Жұмыс барысында халықтың да ұсынысын тыңдап, олардың пікірін де қарастырамыз, - деді Зәуреш Аманжолова. Қазақстанда енді ғана басталып келе жатқан биомедицина, биотехнология саласы да талқыға түсті. Ғылыми жұмыстарды қажет ететін жаңа бағыт дүниежүзілік тәжірибеден өткен сала екен. Сондай-ақ жиналғандар медициналық сақтандыру туралы да пікірлерімен бөлісті.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Біз денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық жаңашылдықтарды, модельдерді қарап шықтық. Дүниежүзіндегі ең тиімді деген әдістерді саралап шықтық.  Қорытындысында әлеуметтік-медициналық сақтандыруға келіп тоқтадық. Бұның негізгі принциптері медициналық сақтандыру фондының құрылуына барлық азаматтардың қатысуы керек. Сондай-ақ, медициналық қызмет те жалпыға бірдей қолжетімді болуы керек

Саламат ОМАШ