Русский Сайттың толық нұсқасы

Болат Назарбаев қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2023
  • 790

Болат Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Астана телеарнасы Ratel.kz-ке сілтеме жасап.

«13 қараша күні сағат 9:28-де жүрек қызметі тоқтатылды (асистолия). 23 минут ішінде реанимациялық іс- шаралар өткізілді, олар тиімсіз болып шықты», - деп хабарлайды дереккөз.

Болат Назарбаев Шамалғандағы ауыл шаруашылығы техникумын «механик» мамандығы бойынша және Қарағандыдағы заң институтын «құқықтану, заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Шамалған совхозында механик, директордың орынбасары болып жұмыс істеді, ұсақ мал терісін сату саласында кәсіпкерлік қызмет атқарды, «Инкар Агро» ЖШС вице-президенті болды.

2016 жылы Назарбаев «Саликалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.

2022 жылдың шілдесінде БАҚ Болат Назарбаевта ауруханаішілік пневмония, тромбоз және қант диабетімен асқынған көмей обыры табылғанын жазды.

4 қарашада БАҚ Болат Назарбаевтың ауыр жағдайы туралы тағы да жазды. Тұңғыш Президенттің ағасы қайтадан инфарктпен ауруханаға жатқызылғаны, оның жағдайы ауыр және тұрақсыз екені айтылған еді.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Шамалған ауылында дүниеге келген.