Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Бас прокурор Берік Асылов Президентке заңсыз активтерді қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар және осы мақсатта жаңадан құрылған Комитеттің қызметі туралы баяндады. Комитет шетелге шығарылған активтерді іздеу, заңсыз схемаларды әшкерелеу үшін жасанды интеллектіні пайдалану арқылы IT технологияларды қолданады. Бұдан бөлек, Президентке азаптауға қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде айтты. Мұндай әрекеттердің алдын алу үшін 54 түзету мекемесінде 29 мың бейнекамера орнатылған. Сондай-ақ Бас прокурор қоғамда резонанс тудырған қылмыстардың тергелу барысы жөнінде есеп берді.