Ал Шымкентте антикор басшысының бұрынғы орынбасары, қаланың экс-прокуроры Мақсат Қожабаев 5 жыл 6 ай мерзімге сотталды. Лауазымды тұлға «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталған. Онымен бірге атышулы іске кәсіпкер Зәкір Ғұламов та тартылды. Қожабаевтың ісін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше ай бойы тергеген. Сот үкімімен Қожабаев 5 жыл 6 ай, Ғұламов 5 жыл 1 ай бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Самидин ТЕМІРӘЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Өз кезегінде Ғұламов Қожабаевпен бір пиғылда әрекет ете отырып, Құдайбергеновты алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы , лауазымды тұлғаға пара бьеруге айдап салып, аталған қаражаттың 20 мың АҚШ долларын 2021 жылдың 5-желтоқсаны күні Шымкент қаласының аумағында, ал қалған 100 мың АҚШ ақшасын 2022 жылдың 29-қаңтарында Астана қаласының аумағында алып, оларды ортақ таныстары арқылы Қожабаевқа берген.