Абай облысында тұрғыннан заңсыз ауланған 60 келіден астам балық тәркіленді. Балықшы тыйым салынған торларды пайдаланды.
Елді мекеннен 30 шақырым қашықтықта орналасқан Бұқтырма су қоймасының жағалауында рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде Көкпеті ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкері заңсыз аң аулау фактісін анықтады. 62 жастағы жергілікті тұрғыннан қайықты тексеру кезінде жалпы салмағы 60 келіден асатын аулауға тыйым салынған балық тәркіленді. Мемлекетке жалпы шығыны 350 мың теңгеден асты.
Айта кетсек, Қазақстанда 2021 жылдың наурыз айынан бастап су айдындарының фаунасына зиянды әсер ететін синтетикалық, нейлоннан немесе басқа да пластиктен, полиамидті монофиламенттерден және монофиламенттерден жасалған торларды қолдана отырып, балық аулауға тыйым салынды. Балықшыдан Казанка-1 алюминий қайығы, “ҚХР” өндіріс, 100 метр желісі – 3 дана, сондай-ақ ауланған балық: көксерке, шортан, қарақұйрық тәркіленді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.