Русский Сайттың толық нұсқасы

Шенеуніктер қызға қырындаймын деп бастары бәлеге қалды

Шенеуніктер қызға қырындаймын деп бастары бәлеге қалды. Мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желі арқылы бойжеткенмен танысып, бейәдеп әңгіме өрбіткен. Кейін, «сұлулар» бұл жазбаларды желі арқылы таратамын деп 12 шенеуніктен 500 мың теңгеге дейін ақша талап еткен. Соңында, жымысқы әрекетті жүзеге асырған жаңақорғандық 3 келіншек анықталған. Олар бұл іске әбден дайындалған көрінеді. Нысанға алған адамдарының қызметін, отбасылық жағдайын толық зерттеген. Алаяқтардың құрығына түскендердің қатарында Қызылорданың ғана емес, бірнеше өңірден лауазымды тұлғалары бар. Олардың 11-і берген ақшаларын қайтарып алғаннан кейін, кешірім берген.

Ардақ СМАҒАНБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

ҚР ҚК-нің 194-бабы, 2-тармағының 2-3 бөліктері бойынша, яғни қорқытып алушылық алдын ала сөз байласу бірнеше рет жалған қорқытушылық әрекеті. Осы бап бойынша 3 сотталушы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді. Және осы жаза бойынша 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылған.