Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада Ұлттық валюта күніне орай көрме өтті

Елордада Ұлттық валюта күніне орай көрме өтті. Онда қазақ теңгесінің 30 жыл ішінде қалай түрленгені көрсетілген. Жиынға келген коллекционерлер тәуелсіздігіміздің тірегі, экономикамыздың жүрегіне айналған банкноттардың түрлерімен таныстырды. 1970 жылдан бастап ақша үлгілерін жинаумен айналысатын Қайырбек Рамазанов ұлттық теңгенің бейнесі жыл сайын жақсы жаққа өзгеріп келеді, - дейді.

Қайырбек РАМАЗАНОВ, КОЛЛЕКЦИОНЕР:

Сапасына қарап жинағанмын. Мыжылмасын деп, жыртылмасын деген сияқты, ең жақсыларын альбомға сақтап келе жатырмын.

Біраз жыл бұрын британдық басылым әлемдегі ең әдемі банкноттардың рейтингін жасады. Тізімде алғашқы орынды Қазақстанның ұлттық валютасы алды.

Сырым СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ, ҚР ҚК МЕМЛЕКЕТТІК ӘСКЕРИ-ТАРИХИ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

30 жыл ішінде теңге өзінің символдық мәнін өзгертіп, жаңаша құлпырып, жаңаша бағытта шығып жатыр. Айрықша белгісіне ие болып, бірте-бірте экономикамыздың серпінді дамуына үлесі көп болды деп есептеймін.