Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазақфильмнің" бұрынғы президенті жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының бұрынғы президентінің қылмыстық әрекеті әшкереленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, күдікті тарихи фильмдер түсіру үшін мемлекет қаржысына салынған жасанды "Түркістан" бекінісін 2017 жылы нарықтағы құнынан 44 есе төмен бағамен сатып жіберген. Қазір активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда. Тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Астана қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Ол Елорданың кәріз тазарту құрылыстарын салу жұмысына атқарушыны айқындау кезінде жеке ұйымның мүддесін қолдау үшін қала сыртынан жеке үй түрінде ірі көлемде пара алған.

Арман ТІЛЕУКЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жалғасуда. Сонымен қатар, қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.