Мемлекет басшысы Энергетика министрін қабылдады. Алмасадам Сәтқалиев мұнай-газ және энергетика бағытындағы ірі жобалардың жүзеге асырылу барысын баяндады. Қазір мұнай өндіру көлемі 74,8 миллион тоннаға жеткен. Бұдан бөлек, елде 48,7 миллиард текше метр газ, 93,5 миллиард кВт/cағ электр қуаты және 15,35 мың тонна уран өндірілген. Алдағы қысқа 5,5 миллион тонна көмір мен 100 мың тонна мазут қоры дайындалған. Президент министрге жылыту маусымына ерекше назар аударуды, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармаймен және сұйытылған мұнай газымен үздіксіз қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.