Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда тағы бір қала пайда болады

  • AstanaTV
  • 15 қараша 2023
  • 1230

"Ашық НҚА" сайтында "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы" Президент жарлығының жобасы жарияланды.

"Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызылсын. Алматы облысындағы жаңадан құрылған қалаға "Алатау" атауы берілсін", - делінген құжатта.

Құжат 29 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.