Желіде Ақтауда кішкентай қызды қасына алып және қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізген блогердің видеосы тарады. Бұл жайтқа қатысты полиция тексеріс жүргізіп, блогердің жеке басын анықтаған.
Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Lexus NX200 автокөлігінің жүргізушісі бұзған құқық бұзушылық туралы бейнеролик жарияланды.
"Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған. Сондай-ақ автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмағандығы анықталды", - делінген хабарламада.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен бірге 27 жастағы азаматшаның жеке басын анықтап, оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.