Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазақстанның гендерлік теңдік және тұрмыстық зорлыққа қарсы тақырыпты қозғағаны қуантады",-халықаралық сарапшы

Гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу, жәбірленушілердің құқығын қорғау, агрессорлармен қалай күресуге болады? Бүгін Алматыда Орталық Азия мен Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылармен жұмыс атты өңірлік семинар өтіп, өзекті мәселелер талқыланды. Халықаралық сарапшылар өз тәжірбиелерімен бөлісті. Нақты мысалдар келтіріп, нәтижелері туралы айтты. Орталық Азия елдерінде агрессорлармен жүйелі жұмыс жөніндегі бағдарламаны енгізуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар айқындалмақ. "Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде қарастырып, кодекске енгізу -біздің негізгі ұсынысымыз ”-дейді ұйымдасырушылар.

Айман ОМАРОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл жерде тек қана жәбірленушілермен емес, зәбірді жасаған адамдармен де жұмыс істеу керек деп жатыр. Себебі біз жәбірленушілермен жұмыс істейміз ғой көбінесе. Ал бұл жерде айтады зәбір жасаушылардың да өзінің спецификасы бар дейді. Біздің ұсынысымыз былай бұл жерде бұл әкімшілік емес, бұл қылмыс, ол қылмыстық кодексте болу керек.

Малин ПАЛМ, ГЕНДЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ:

Қазақстан соңғы жылдары гендерлік теңдік және тұрмыстық зорлыққа қарсы тақырыптарды қозғап бастап жатқандары өте қатты қуантады. Жәбірлеушілермен жұмыс барысында ең тиімді әдіс 6 ай ішінде психологтар мен сарапшылардың бірлесіп, жәбір көрсеткен адамның эмоциясы мен назарын басқа мәселеге аудару. Бұл әдіс өзінің тиімділігін дүниежүзі бойынша көрсетті.