Мәжіліске
үш саяси партия өтті. Алдын ала қорытындылар осыны көрсетті. Яғни Парламент
Мәжілісіне өз үміткерлерін ұсынған 6 партияның үшеуі сайлау туралы заңда көрсетілген 7 пайыздық межені
бағындырған.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық
Тұрғанқұлов айтты. Бірақ бұл сайлаудың толық қорытындысы емес. Соңғы
мәліметтерді Орталық сайлау комиссиясы наурыздың 26-да жариялайды. Сөйтіп «Нұр Отан», «Ақ жол» және коммунистік партия өкілдері заң шығарушы органға қайта келетін болды.
Қуандық
Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
«Нұр
Отан» партиясы үшін сайлаушылардың 82,15 пайыз даусы берілді, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық
партиясына - 7,18 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы үшін
- 2 пайыз, Қазақстан коммунистік халық партиясы үшін - 7,14 пайыз, Жалпыұлттық
социал-демократиялық партиясы үшін - 1,18, «Бірлік» саяси партиясы үшін - 0,29 пайыз.