Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысының архивіне 100 жыл толды

Архив-ел тарихының қайнар көзі. Ақтөбе облыстық архивіне 100 жыл толды. Осыған орай «Архив –ел тарихының шежіресі »атты салтанатты шара өтті. Сондай-ақ, «Тарих және архив» атты тың деректерді анықтау және зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция болды.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві 1923 жылдың 12 шілдесінде құрылған. Алғашқыда мұнда екі ғана қызметкер болған. Қазір 48 адам еңбек етеді. Бір ғасырлық тарихы бар мекеме мәдени тарихи құнды құжаттарды сақтау, есепке алу, жинақтау және құжаттардың құндылығын сараптаумен айналысып келеді. Қазір облыстың мемлекеттік архивте 712 мың сақтау бірлігін қамтыған 1626 қор сақталған.

Марат ТӨЛЕБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Ол құжаттардың барлығы сонау 1917 жылдан бері басталады. Партия құжаттары, өзіміздің жергілікті атқару органдарының құжаттары, ғылыми-техникалық құжаттар, аудио, визуалды құжаттар, фоно, кино дейміз. Қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлерлердің жеке тектік құжаттары сақталған.
Бүгін осы құнды құжаттар негізінде дайындалған «Ақтөбе облысы архивіне 100-жыл» және «Ұлы отан соғысы тарихынан» атты екі еңбектің тұсауы кесілді. Сонымен қатар алдағы уақытта 20-30 жылдары ел билеген Ақтөбе өңірінен шыққан тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі жөнінде тарихи еңбектер жарық көрмек.

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, ҚР ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Тұлғаларды жазып солай зерттеу керек. Мысалы мен бүгін Ақтөбе облысына сыйға тартқан Ыдырыс Көшкінов 30 жылдары осы Ақтөбе облыстық атқару комитетінің төрағасы болып екі жыл қызмет атқарған. Біз соны Орталық мемлекеттік архивте кітап қылып шығардық. Сол сияқты тұлғатану жанрын кеңнен зерттеу тұлғалардың өмірі мен қызметі арқылы сол өлкенің өңірдің болмаса мемлекеттің тарихын жазу ол тарихтағы үлкен ғылыми бағыт болып табылады.
2020 жылдан құжаттарды электрондық форматқа көшіру басталды. Бүгінде қор құжаттарының он пайыздан астамы цифрлік форматта сақталған. Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысып, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді. Саланың үздік мамандары құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен, мерейтойлық төс белгілермен марапатталды.