Елімізде жемқорлық туралы хабар берген 57 азаматқа 15 млн 200 мың теңге сыйақы берілді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы хабарлады. Көшті Батыс Қазақстан облысы бастап тұр. Онда парақорлықты әшкере еткендерге 4 млн 800 мың теңге төленген. Ал, атыраулықтарға 2 млн 300 мың теңге берілген. Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында 800 мың теңгеден астам сыйақы берілді.