Русский Сайттың толық нұсқасы

Футболшыға тұрмысқа шыққан блогер қайын атасының досынан алған қымбат сыйлық туралы айтты

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2023
  • 1067

Блогер Мерей Әбілова мен футболшы Дінмұхамед Қашкеннің құдалық тойы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мерей Әбілова тойдан кейін Instagram-дағы парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті.

"Бізге әкемнің досы (қайын ата) төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Құттықтап қойсаңыздар болады", - деп жазды ол.

Блогер сыйлық сертификатын да сторисіне "Шүкір" деген мәтінмен салды.

Онда "Құрметті Дінмұхамед және Мерей. Сіздерді Belle view резиденциясынан пәтерлеріңізбен құттықтаймын. 4 бөлмелі пәтер. 171 шаршы метр", - деп жазылған.

Блогердің оқырмандары құтты болсын айтып, жас жұбайларға бақыт тілеген.