Екібастұзда жеті жастағы қызды ұшақпен іздеп жатыр, әзірше ол туралы хабар жоқ.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қарашада 21:48-де Екібастұз қаласының Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылында 2015 жылы туған қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Бірден іздеу жұмыстары ұйымдастырылып, құтқарушылар, кинологтар, полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер із-түзсіз жоғалған жасөспірімді іздеуге кірісті. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.