19 қараша сағат 05:45 шамасында Ақтөбе-Орынбор тас жолының 73 шақырымы Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан.
Салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды. Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.