Болгарияда дауыл, нөсер жаңбыр мен қар салдарынан екі адам қаза тапты. Kazinform бұл туралы Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Болгарияның көп бөлігінде дауыл соғып, нөсер жаңбыр мен қалың қар жауды.
Бірқатар қала мен ауылдарға айтарлықтай зақым келді, ағаштар құлап, электр желілері үзілді.
Жайсыз ауа райынан 2 адам қаза тапты.
Қара теңіз жағалауындағы Варна қаласында жексенбі күні үйіне кетіп бара жатқан әйелге ағаштың бұтағы құлап, мерт болды.
Софияда сенбі кешке жеңіл көлікке ағаш құлап, жүргізуші қаза тапқан. Көлігінде болған әйелі ауруханаға жатқызылды.
Варна муниципалитетінде төтенше жағдай жарияланды.
Жел дауылға ұласып, түнде жедел қызмет жұмысын айтарлықтай қиындатты.