Елордада "Қазақстан жанкүйерлер одағы" құрылды. Спорт белсенділерінен құралған ұйым спорттық іс-шараларда тазалық пен мәдениеттілікті үндейді.
Жанкүйерлер одағы елімізде алғаш рет құрылды. Ұйым спортшылар, еріктілер, елорданың белсенді тұрғындары, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құралған. Олар спорттық шараларда вандализмнің алдын-алып халықты мәдениетке шақырады. Әзиз Жұмаділ -осы одақтын негізін қалаушылардың бірі. Айтуынша, алдағы уақытта жанкүйерлер кодексін қабылдау жоспарда бар.
Әзиз ЖҰМӘДІЛ, ҚАЗАҚСТАН ЖАНКҮЙЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ БАСТАМАШЫСЫ:
Біз жанкүйерлер одағын құра отырып. Біз жанағы вандализмге қарсы, зорлық-зомбылыққа қарсы және жанкүйерлердің мәдениеті стадион жанкүйерлердің мәдениетің қалыптастыру қажет. Стадион жастарды тәрбиелеу керек. Біз барлық жанкүйерлерге барынша өзіміздің одаққа кірген жанкүйерлерге стадионға еркін кіруге еркін бірге жанкүйерлік етуге мүмкіндік жасаймыз.
Айтым ЖАКУПОВ, СТРИТ-ВОРКАУТТЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
Басты мақсатымыз- жастарды тәрбиелеу. Сондай-ақ барлық спорт жанкүйерлерін бір ұжымдай біріктіру. Сонымен қатар мәдениттілікке шақыру.
Жанкүйерлермен бірге мүмкіндігі шектеулі жандар да ұлттық құраманы бірге қолдады. Оларға одақ мүшелері көмек көрсетіп, жайлы орынға жайғастырды.
Ардақ ОТАРБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ "ДОС" МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Еліміздің футболшыларына жанкүйер болу үшін келдім. Біз өзіміздің футболшыларымызға қашанда жеңіс тілейміз. Біздің елімізде футбол бірінші орында болу керек. Ол үшін барлықтарыңызға, футболшыларға, қазақстандықтарға бәріңе алға деп айтам. Алға Қазақстан. Футболшыларымыз жеңіске жете берсін. Қазақстанның елі әрқашанда бірінші орында болсын.
Қазақстан-Сан-Марино ойынын соң Астана жастары мен волонтерлар, тұрғындар трибунадағы қоқыстың бірін қалдырмай жинап кетті. Бұл игі іс елді сүйсіндірді.