Русский Сайттың толық нұсқасы

"Президент сайлауы жаңа саяси науқандар кезеңіне жол ашты", - Е.Қарин

Президент сайлауы жаңа саяси науқандар кезеңіне жол ашты. Нәтижесінде Парламенттің қос палатасының және мәслихаттың сайлауы өтіп, олардың құрамы едәуір жаңарды.

Үш апта бұрын Қазақстанда алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы болды. Осылайша, еліміздің саяси жүйесін демократиялық жолмен өзгерту үдерісі үздіксіз жалғасып келеді,- деді мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин. Сондай-ақ, ол Президенттің стратегиялық барлық бағыты – саясат, экономика және идеология үшеуі біріккенде елімізді жүйелі түрде жаңғыртуды көздейтін біртұтас бағдарлама екенін айтты.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Саяси және экономикалық реформалармен қатар әлеуметтік-гуманитарлық салада да маңызды реформалар жүзеге асырылады. Ондағы мақсат – білім беру, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру. Президенттің сайлау алдындағы тұғырнамасында айтылған басты бастамалар биыл жүзеге асырыла бастады. Оның қатарында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы, «Ауыл аманаты» бағдарламасы, заңсыз жолмен алынған және шетелге шығарылған активтерді елге қайтару сияқты бастамалар бар.