Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада – қар, Алматы мен Шымкентте – жаңбыр: алдағы үш күнге арналған күн райы болжамы

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2023
  • 978

Синоптиктер елордада, Алматы мен Шымкентте 2023 жылдың 21-23 қарашасына арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

21 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11 аяз, күндіз 0 градус шамасында.

22 қараша – көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

23 қараша – көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус жылы.

Алматы

21 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 10-12 градус жылы.

22 қараша – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 градус жылы.

23 қараша – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Солтүстіктен соғатын жел солтүстік-шығысұа ауысады, екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус жылы.

Шымкент

21 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, 8-13 м/с . Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

22 қараша – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады,, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 10-12 градус жылы.

23 қараша – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.