Русский Сайттың толық нұсқасы

Зимбабведе тырысқақ індетінен 50-ден астам адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 20 қараша 2023
  • 1370

Зимбабведе тырысқақ дертінен 50-ден астам адам қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай тұрғындары дабыл қағып жатыр. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зимбабве астанасы Харареде тырысқақ індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қауіпті жұқпалы дерттен 150-ден астам адам қайтыс болуы мүмкін, 50 жағдайда өлімнің себебі зертханалық түрде расталды.

7 мыңнан астам адамнан ауру белгілері анықталған.

«Су құбыры жүргізілмеген кенттер мен қала маңындағы жерлерде адамдар құдықтарды қоқыс төгетін ор жанынан қазған. Бұл олар тұтынатын ауыз су лас екенін білдіреді», - деді Хараре мэрі Ян Маконе.

Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы тырысқақ дертінің басқа мемлекеттерге өтуі мүмкін екенін ескертті. Зимбабве билігі елде тәжірибелі мамандар, дәрі-дәрмек және құрылғылар, сондай-ақ таза судың болмауы себебімен халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.

Дәрігерлер мен шенеуніктер қазіргі індетті 2008 жылы ауру жұқтырған 100 мың адамның 4 мыңының өмірін қиған, сонымен қатар президент Роберт Мугабені билікті оппозициямен бөлісуіне мәжбүр еткен індетпен салыстырып отыр.

Зимбабве қалаларында таза ауыз судың жетіспеушілігі және қоқыс, кәріз проблемаларына байланысты тырысқақ індеті жиі өршіп тұрады.

Ауру әдетте ластанған тамақ немесе су арқылы таралатын бактериядан туындайды.