Әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан құрамасының жеңісі үшін жеті шелпек пісірген жанкүйер апаның видеосы тарады, деп хабарлайды BasSport.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
86 жастағы футбол жанкүйері Күлзия апа -Абай облысы, Тассай ауылының тұрғыны.
Шелпекті футболшылардың жеңісі үшін пісіріп жатырмын, олар қазір ойнайды. Сағат 1-де бастайды, - дейді апа видеоны түсіріп тұрған адамға.
Апаның әрекетіне сүйсінген желі қолданушылары "Еуроға шықсақ апамызды Германияға апару керек қой!" , "Көзіме еріксіз жас келді! Қазағым деген жүрегіңізден айналдым Асыл Әже! Әжеміздің ниетін Аллам қабыл етсін, Әмин!", деп пікір қалдырды.