Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан ұлттық құрамасының құрметіне жеті шелпек пісірген әжей көпті сүйсіндірді

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2023
  • 531

Әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан құрамасының жеңісі үшін жеті шелпек пісірген жанкүйер апаның видеосы тарады, деп хабарлайды BasSport.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

86 жастағы футбол жанкүйері Күлзия апа -Абай облысы, Тассай ауылының тұрғыны.

Шелпекті футболшылардың жеңісі үшін пісіріп жатырмын, олар қазір ойнайды. Сағат 1-де бастайды, - дейді апа видеоны түсіріп тұрған адамға.

Апаның әрекетіне сүйсінген желі қолданушылары "Еуроға шықсақ апамызды Германияға апару керек қой!" , "Көзіме еріксіз жас келді! Қазағым деген жүрегіңізден айналдым Асыл Әже! Әжеміздің ниетін Аллам қабыл етсін, Әмин!", деп пікір қалдырды.