Русский Сайттың толық нұсқасы

17 адам есірткіден уланып, ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2023
  • 770

Ресейдің Астрахань қаласында 17 адам есірткіден уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Астрахань облысының Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды  ТАСС агенттігі.

«17-21 қараша аралығында С.М.Киров атындағы қалалық клиникалық ауруханасына есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардан улану белгілерімен 19 адам түсті. Бүгінгі таңда №3 қалалық клиникалық ауруханасында 17 адам есірткіден улануына байланысты емделіп жатыр. Олардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 11 адамның жағдайы орташа»,-делінген хабарламада.

Ем пациенттердің көпшілігіне көмектесті, ал екі адамның жағдайы қанағаттанарлықтай болған соң, ауруханадан шығарылды. Қажетті медициналық көмек пациенттер реанимобильдермен және көліктермен жеткізілен соң бірден көрсетілді.