Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның басты футбол аренасы жабылатын болды

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2023
  • 774

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек "Астана Арена" футбол стадионы қашан ашылатынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

"Астана Арена"," Алау" мен ипподром сияқты түрлі спорт кешендері жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстарын желтоқсан айында бастаймыз. Келесі жылдың маусым айына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Себебі 2024 жылғы қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан спорттық инфрақұрылымды белсенді түрде дайындап жатырмыз", - деді қала әкімі.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, мердігер әлі анықталмаған, қазір жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу құны да әлі белгісіз.