Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада науқас бүлдіршіндерге арналған қайырымдылық шарасы бастау алды

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2016
  • 2811

Қызылордада «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық жәрмеңкесі басталды. Қолдан жасалған бұйымдар мен тәтті-тағамдарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы ұйымдастырды. Жәрмеңкеден түскен қаражат Адият Мұратбек пен Мирон Пя - екі науқас бүлдіршіннің еміне жұмсалмақ. Ұйымдастырушылар бес жүз мыңнан астам теңге жиналады деп отыр. Бұл игі бастаманың басы ғана. Эстафетаны облыс орталығының басқа да мемлекеттік және жеке кәсіпорындары жалғастыруға әзір.

Аида Әбибуллаева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының басшысы:

Мұндай жұмыстың үлкен мәні бар - ол әрбір азаматтың жүрегінде бір мейірімділік ұшқының ояту, қолдау жасау, көмек көрсету. Және де мынау мемлекетіміздегі осындай ауыр жағдайға душар болған азаматтарға көмектесіп тұру - ол әрбір азаматтың жүрегінде болатын борыш деп есептейміз. Қолымыздан келгенше көмектесуіміз керек.

Үш жүзден астам адам өздері дайындаған қолөнер және зергерлік бұйымдарын, ұлттық тағамдар мен тәтті тоқаштарын, тосаптар мен шұбат, балық өнімдерін көпшілікке ұсынды. Түйе жүнінен тоқылған шұлықтар, гобелендер көңілден шығып жатты.