Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін – халықаралық телевизия күні

Бүгін – халықаралық телевизия күні. 1996 жылдан бері тойланатын мерекенің әріптестерім үшін маңызы зор. Телеарна арқылы халықты ақпаратпен қанық қылатын мамандардың еңбегі ерен. Қызығы мен шыжығы көп салада жүрген жаңалық жаршылары туралы келесі материалды көріңіз.

«АСТАНА» телернасы ең алғаш «ЦЕСНА» деген атпен 1993 жылдың наурыз айында ашылды. 2000 жылдың қарашасынан бастап атауы «АсТВ» болып өзгерді. 2004 жылдың шілде айында арна маркасын өзгертті. Қазір арнамыз "АСТАНА" атауымен қалың көрерменге таныс.
«АСТАНА» телеарнасы тәулігіне 23 сағат хабар таратады. "Жаңалық"- арнаның жүрегі. Аймақтың түкпір-түкпірінен дер кезінде ақпарат тарататын тілшілер қосыны көбейді.

Тынымсыз еңбектің нәтижесінде арнамыздың тұрақты көрермендері қалыптасты. Республикалық арналар арасында рейтинг өсті. Жаңалық беру тәсілі өзге арналардан ерекшелене түсті.Тақырыпқа терең кіру үшін түрлі тәсілді қолданды. Бірі – қайыршы болды, енді бірі – көше сыпырды.

Әлеуметтік тақырыптарды жан-жақты зерттеді.

Үнемі халықпен бірге тыныстады. Резонанс тудырған тақырыптарды жан-жақты саралады.

Көптің көкейінде жүрген мәселелерді көтерді. Эксперимент тәсілін қолдану арқылы күрделі проблемаларды ашық көрсете білді

Арна тілшілері көрерменге ұсынатын әр материалды үлкен махаббатпен әзірледі. Елмен бірге күлді, жылады...

Қандай тақырып болса да көрерменге түсіндіруге тырысты. Тілшілер әр ортада өз білімдерін көрсетті.

Ел үшін маңызды мезеттерді арна тілшілері қалт жіберген емес. Маңызды кездесулер туралы оқиға орнынан хабар таратты.
Жаңалық дайындау барысында бәрі сіз көріп жүргендей жеңіл емес. Тілшілеріміз түрлі кедергіге кездеседі. Қысқасы, тілшілер суға салсаң батпайды.

Отқа салсаң жанбайды

Телеарна- ақпараттың қайнаған ортасы. Әрбір әріптесіміз, қымбатты көрермен, Сіздер үшін еш аянбай еңбек етеді.