Русский Сайттың толық нұсқасы

«АМАNАТ» партиясының «Жер аманаты» жобасы Қарағанды облысында қарқынды жүзеге асырылуда

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2023
  • 271

Қарағанды облысында бос жатқан жерді мемлекетке қайтару ісі қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері «Жер Аманаты» жобасы аясында 440 мың гектар жер қайтарылған. Бұл туралы партияның фракция отырысында айтылды. «Amanat» партиясы бұл бағыттағы жұмысты жалғастырады, - дейді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Ауыл жұрты жайылымға жер таппай жатқанда, ұзақ жылға жеке меншікке өтіп кеткен миллиондаған егіс алқаптары қаңырап бос жатыр. «Amanat» партиясының сайлаалды бағдарламасында жерге кең көлемде мониторинг жасау мақсаты болды. Орталық Қазақстанда бұл ретте жұмыс қарқынды. Биылғы меженің 75 проценті орындалды. Яғни, 440 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Алдағы 4 жылда бір жарым миллион гектар жер қайта игеріледі деген болжам бар.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша әуелде 10 ауылдық округтің жерін тексеру жоспарланған еді. Бірақ орнына 159 ауылдық округ қамтылды. Нәтижесінде, егіс алқаптары кеңейді. Суармалы жер көлемі жоспардағыдай 3 емес, 3,9 мың гектарға ұлғайды. Мал басы 12мың 700 басқа өсті.
«Amanat» партиясының қоғамдық қабылдауында жиі көтерілетін мәселенің бірі - баспана. Биыл 400 мың шаршы метр жаңа пәтер қолданысқа берілген. 240 отбасы қоныс тойын тойлады. 1400 шақырым жол ретке келтірілген. Ақсап тұрған әлеуметтік мәселе – мектеп пен аурухана тапшылығы. Жаңа нысандар ұлттық жобалар аясында салынады деп отыр партиялықтар. Ал Балқаш пен Теміртау қалаларының емханаларына күрделі жөндеу жүргізілмек.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Сапа және көмек көрсету мәселелері ерекше бақылауда. Теміртау ауруханасын күрделі жөндеуді жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл медициналық ұйым бірнеше аудан мен ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Партия отырысында «Жастар рухы» жастар қанатының да жұмысы талқыланды. Еріктілер мәдени және тарихи ескерткіштерді тазартып, 1200 вандализм ізін жойған.

Ержан ХАМИТОВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
Біз вандализм туралы заңды қатайту туралы петиция бастадық. Еліміздің барлық ескерткіштерін бұзақылардан сақтап қалуымыз керек. Екі күнде 11 мың қол жиналды. Бектау атада, Қарқаралыдағы «Үш үңгірде», Шайтанкөлге баратын жол бойында жұмыс көп болды. Бұл жерлерге бақылау камераларын орнатып, қоршауды ойластыру керек деп ойлаймын.
Жастар ескерткіштерді сақтап қалуға барын салмақ. Көктем шыға рейд жүргізбек.