Русский Сайттың толық нұсқасы

Жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату тәртібі өзгереді

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2023
  • 1099

Қазақстандықтар бір сағатта жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімін жасай алады.

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жылжымайтын мүлік бойынша онлайн транзакция платформасының жобасын таныстырды. Министрдің айтуынша, енді қазақстандықтар бұрынғыдай нотариусқа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барып жүрмейді.

Жылжымайтын мүлік – отбасының негізі. Осыған орай, жылжымайтын мүлік саласындағы жаңалықтарға тоқталғым келеді. Жылжымайтын мүлікті, мысалы үйді, пәтерді немесе кеңсені сатып алу немесе сату кезінде бұрынғыдай нотариусқа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барудың ешқандай қажеттілігі болмайды, - деді Мусин.

Министрдің айтуынша, мұндай онлайн қызмет Blockchain технологиялары мен биометриялық сәйкестендіру арқылы көрсетіледі.

Әр нысан бойынша жасалған барлық әрекет пен бейнематериалдар электронды үкіметте сақталады, осылайша бірнеше күнге созылатын процесс бір сағатқа дейін қысқартылды, - деп атап өтті министр.