Ішімдік ішкен ер адам әйелі мен оның құрбысын өлтірген. Бұл туралы Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.
"Былтыр Қостанайда ер адам ішімдік ішіп жатқанда әйелі мен оның құрбысын пышақтап өлтірген. Әйелі бұған дейін 49 рет полицияға жүгінгені анықталды", - деді Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.
Оның айтуынша, ішімдік ішу ауыр зардаптарға әкеп соққан.
"Сондықтан біз қосымша квалификациялық белгі ретінде "осы әрекеттерді алкогольдік немесе басқа да мас күйде жасауды" қосуды ұсынамыз", - деді Әбішев.