Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазақтың бокс стилі қайда кетті?". Олимпиада чемпионы спортшыларды сынға алды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2023
  • 1116

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Азия чемпионатында үш рет топ жарған Бақыт Сәрсекбаев қазіргі қазақ боксын сынға алды. "Қазақ бокс стилін" жоғалтып алдық деп санайды. Бұл туралы massaget.kz жазды. 

Барлық бокс жанкүйері 2000 жылдар басындағы Жиров, Ниязымбетов, Ибраимов, Оразалиев, Жұмаділов, Саттарханов және т.б. жекпе-жектерін көрсе деймін. Олардың барлығынан қапталдан жасайтын соққы, кросс, қарсыластан бұрын ұру, психологиялық қысым мен босаңсуға болмайтын ерік-жігерді байқайсың. Бұл нағыз қазақы бокс стилі болатын. Біз жас кезімізде сондай шеберлерге қарап тамсандық, еліктеп, соққыларымызды шынықтыратынбыз. Қазір сол шеберлік қайда? «Қазақ стилі» қайда кетті? Әлем чемпиондары неге өздерін дәлелдемейді? Қазіргі құраммен қайталанбас қазақ боксы стилін қайтара алуымыз екіталай, – дейді Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, жуырда ғана Астанада 4 жылда бір келетін Спартакиада ойындары өтіп, еліміздің үздік боксшылары анықталды. Сол жарыс нәтижесінде ұлттық құрама алдағы ірі жарыстарға дайындалатын болады.