Алматы облысы Іле ауданында өзін нашар сезінген автобус жүргізушісін байқап қалған оқушысы қоғамдық көлікті тоқтатып, жолаушыларды апаттан құтқарып қалды, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы облысының әкімдігі мәлім етекендей, автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, көлік құралын басқара алмай қалған. Сол кезде оқушы тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатқан.
Бүтін бір автобус жолаушыларын құтқарып қалған баланың есімі - Ақжол, ол 24 лицейдің 8 «Е» сынып оқушысы.
Куәгерлердің айтуынша, ол жылдам әрекет етпегенде, автобус жақын жердегі ғимаратқа соғылуы мүмкін еді.
Батыр оқушының суреті әлеуметтік желіде трап жатыр.
«Мына суреттегі бала автобусқа жүгіріп барып, оған мініп, оны тоқтатты. Егер ол мұндай ерлік жасамаса, автобус үйлерге соғылар еді. Аудан әкімі бұл баланы тауып, марапаттауы керек», - деп жазды желі қолданушылар.