Ауа
райы тосын мінез танытуын тоқтатар емес. Елдің басым бөлігінде көшелер мұзға
айналып, қозғалысқа кедергі келтіруде. Өскеменнің коммуналдық қызметі бір
тәуліктен астам көктайғақпен күрес жүргізіп келеді. Қалада қоғамдық көліктер тоқтап тұр. Тұрғындар жұмысқа
жаяу баруға мәжбүр. Әкімдіктің шешімімен мектептерде барлық сынып оқушыларына
сабақ өткізілген жоқ. Төтенше жағдайлар комитеті жақын күндері көлікпен жолға
шықпауға кеңес береді. Ал Қазгидромет алдағы үш күнде еліміздің барлық
өңірлерінде боран соғып, көктайғақ болады деп отыр.
Бұл
Өскеменнің бүгінгі көрінісі. Қалада тіршілік қиындап, көліктер қаңтарылып
қалған. 200 автобустың сексені жолаушы тасымалдауға жарамай тұр. Коммуналдық
қызметкерлер түнгі сағат үштен бастап тротуарлардағы қатып қалған көк тайғақпен
күресіп әлек. Алайда бұның қаланы толық тазартуға көмектесіп жатпағанын
мойындаған әкімдіктегілер тұрғындарға абай болуды ескертті.
Ержан
Коңырбаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:
Аяз қырыққа дейін барып кетті. Сосын қар болды. 50 мың куб қарды шығардық бір
айдың ішінде. Ал ондай объемды былтыр қыс бойынша шығарғанбыз. Адамдар өздері
абай болсын. Өйткені шынымен көк мұз, қазақша айтқанда.
Бүгінде
қаланы қардан тазартуға қосымша қырық техника тартылған. Алайда коммуналдық
қызметкерлер жұмысына көше бойындағы көліктер кедергі келтіруде. Полиция
қызметкерлері автокөлік иелеріне ескерту жасап, көліктерін жол бойынан
алмағандарға жаза қолданатынын айтқан.
Тамара
Рахимжанова, «Өскемен-Тәртіп» ЖШС
директоры:
Көлік
иелерін таба алмаған сәттер көптеп орын алып жатыр. Барлық тұрғындардан жол
бойына көліктерін тастамауды сұрап отырмыз. Арнайы тұрақтарға немесе аулаларға
қою керек. Әйтпесе біздің жұмысымызға кедергі келтіріп жатыр.
Төтенше
жағдайдар комитетінің мәліметінше, қазір республикалық маңызы бар
Алматы-Өскемен тас жолында қозғалыс тоқтаған. Қалбатау ауылынан Ұлан ауылына
дейінгі жол қоғамдық және жүк көліктері үшін жабық. Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан тұрғындарына жақын күндері алыс жолға көлікпен шықпауға кеңес береді.
Руслан
Иманқұлов, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:
Шығыс
Қазақстанда ғана жол жабық. Алайда басқа облыстардан көлікпен шықпауға кеңес
береміз. Себебі ауа райы өзгеруі мүмкін. Бізде қазір бесінші желтоқсанда Астана
қаласы мен Ақмола облысында қатты дауыл тұруы мүмкін деген ақпарат бар.
Сондай-ақ көктайғақ болуы мүмкін. Тұрғындар ауа-райының қолайсыздығы туралы смс
хабарламалардың кештетіп келіп жататын айтады. Алайда теледидардан, ғаламтордан
да қарап, бақылап отыру керек. Көлікпен жолға шықпауға тырысу қажет.
Өткен
демалыс күндері ауа райының құбылуы тұрғындарға едәуір қиындық әкелді. Бірнеше
аймақта ұйытқыған боран соғып, көліктер
тоқтап қалған. Жол көлік оқиғалары да
жиі тіркелді. Алайда Астана тұрғындары күн райының бұзылып, аяз болатынын
қалыпты жағдай дейді.
Я
вообще северянин. Суыққа төзімді адаммын.
Суық
пен ыстықтың арасында өскен адамбыз. Табиғаттың берген нәрсесі - біз алуымыз керек.
Қыс
солай болуы керек деп ойлаймын. Қысты өте жақсы көремін.
Қазгидрометтің
мәліметінше, алдағы үш күн, яғни желтоқсанның 6,7,8 күндері Қазақстанның басым
аймақтарында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Сондай-ақ кей
жерлерде тұман түсіп, ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градус жоғары
болады деп күтіліп отыр.
Саламат ОМАШ