Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысында 11 мас жүргізуші ұсталды

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2023
  • 1152

Солтүстік Қазақстан облысында төрт күн ішінде 11 мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарашаның 20-нан 30 аралығында өткізілетін “Құқықтық тәртіп” кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде солтүстікқазақстандық полицейлер жол қауіпсіздігін нығайтуға жұмысынан баса назар аударады. Кезекті рейдтердің бірінде жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталды. Петропавл қаласының 33 жастағы тұрғыны Toyota автокөлігімен заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқан. Полицейлер заңсыз тасымалдаушыларға сенбеу керектігін еске салады. Сақтандыру шарттары болмағандықтан олар жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігіне жауап бермейді.

– Сондай-ақ жедел алдын алу іс-шарасының 4 күні ішінде облыс жолдарында 1247 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Өрескел бұзушылықтардың қатарында мас күйінде басқарудың 11 фактісі тіркелген. Ұсталған мас жүргізушілер 15 тәулікке дейін қамауға алуды және 7 жылға басқару құқығынан айыру түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылды.